Мәскеуде 16-қабаттан құлаған бойжеткен тірі қалды (видео)

0

Мәскеуде бойжеткен 16-қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кетіп, тірі қалды. Бұл туралы «Известия» басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сүйеніп хабарлайды.

«Газета.ру» мәліметінше, ол подъезд алдындағы үйілген қардың үстіне құлаған. Бойжеткен құлаған соң ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Әзірге оның неге құлағаны және кім екені анықталып жатыр.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан бойжеткеннің құламас бұрын терезе алдында отырғанын көруге болады.