Мәскеу түбінде ұшақ құлады: Қаза тапқандар бар (видео)

0

Ресейдің Мәскеу облысында Ил-112В әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірлескен әуе құрылысы корпорациясы апаттың болғанын растады. Ил-112В – жаңа үлгідегі ресейлік ұшағы құлаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, экипаждың үш мүшесі қаза болды. Олардың арасында командир, еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшы, Ресей Қаһарманы Николай Куимов бар.

Мамандардың айтуынша, ұшақтың бір қозғалтқыш істен шығып, өртке оранған.

“Ұшақ қонуға дайындалып жатқан. Сол себепті жерге жақын болды. Жылдамдығы да қатты емес еді. Ал қозғалтқышы істемей қалғаннан кейін ұшақ бір жаққа қисайып барып, жерге соғылған», – дейді олар.

Ил-112В ұшағы Кубинка аэродромынан көтеріліп, Раменское қаласына қарай ұшып бара жатқан. Ол Никольское елді мекенінің жанында апатқа ұшырады. Тұрғындардың бірі апатты видеоға түсіріп алды.