Мәскеу төрінде Назарбаевтың сөзіне жазылған әнді шырқаған Димаш желіні жарды (видео)

0

Қазақтың танымал әншісі Димаш Құдайберген Мәскеу қаласында орналасқан Кремль сарайында тыңдармандарына ән кешін берді. Ол концерт кезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің» әнін шырқады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі dimashok71 парақшасында жарияланды.

Кадрдан «Елім менің» әнін нақышына келтіріп шырқаған Димашты, қазақтың көк туын желбіретіп отырған әртістің тыңдармандарын байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары «нағыз әнші», «халқын қашанда биік қоятын Димаш», «жарайсың», «әлемде қазақ атын шығара бер» деген сынды пікірлерін қалдырды.