Мәскеу орталығындағы шырша Қазақстанның жаңажылдық дәстүрі жайлы «әңгімелейді»

0
18

Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары қазақ Аяз атасының резиденциясы қайда орналасқанын, Қазақстан тұрғындарын Жаңа жылда кім құттықтайтынын,  олар мейрамда дастарқанға қандай тағамдар қоятынын біле алады

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан — Sputnik. Мәскеудегі Sputnik-тің ерекше шыршасында бейсенбі күні жаңалықтар және Қазақстанның дәстүрі күні өтеді.

Sputnik-тің ерекше шыршасы қаладағы ГУМ сауда орталығында орналасқан.

Мәскеудегі цифрлық шыршада Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы жұмыс істейтін елдердің жаңажылдық жаңалықтар күндері басталды. Мұнда күн сайын әртүрлі елден түрлі хабарлар келеді.

Бейсенбі күні Sputnik-тің ерекше шыршасы мәскеуліктер мен қала қонақтарына Жаңа жылда қазақ отбасылары ет асқанды ұнататынын, XIX ғасырдың ортасынан бері ел тұрғындары бұл мерекені еуропалық дәстүр бойынша атап өтетіні туралы «айтып береді».

Қазақстан туралы қызықты мәліметтер мұнымен аяқталмайды. Ерекше шыршаға келген қала тұрғындары Қазақстанның оңтүстігінде желтоқсан айында бақбақ гүлдейтінін, қазақ Аяз атасының резиденциясы Бурайбайда орналасқанын біле алады.

Биыл Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы өзінің бес жылдығын атап өтіп жатыр. Осыған орайда ГУМ-де ерекше шырша орнатылған болатын. Ол Sputnik-тің инновациялық арт-объектісі болып саналады. Шыршаны ақпарат агенттігі қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етіп отыр. Медиатоп 33 тілде ақпарат таратады. Сондықтан шыршадағы ақпарат орыс тілімен қатар агенттік жұмыс істейтін өзге тілдерде де шығады.

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

Sputnik ақпарат ресурстарының аудиториясы айына 60 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik China аккаунты мен Вэйбо жазылушыларының саны 9 миллионға жетті.

Бейжіңнен Монтевидеоға дейін бүкіл әлем бойынша 22 редакциялық орталықта мыңнан астам адам жұмыс істейді. Sputnik «Россия сегодня» медиатобына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз