Мәскеу мектептерінде 60 мыңнан астам мигрант баласы оқиды

0

Мәскеу мектептерінде оқитын мигрант балалардың саны 60 мыңға жеткен. Ресейдегі мигрант балалар жайлы зерттеу жүргізген Жоғары экономика мектебінің білім институты осындай дерек жариялап отыр.

Білім беру институтының сарапшысы Надежда Бысик ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында көп жағдайда мигранттардың балалары көрсеткіші нашар мектептерді алға сүйрейтінін айтқан.

— Біз мәселені зерттей бастаған кезде орыс тілін нашар білетін мигранттардың балалары мектептерді артқа тартады деп ойлағанбыз. Бірақ зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мигранттардың балалары көбірек шоғырланған мектептерде дәл сол балалар мектепті алға сүйрейді екен. Олар ынта-шынтасымен оқуға берілген, себебі Ресейде қалғысы келеді ғой, — деген Надежда Бысик.

Институт өкілдерінің айтуынша, жоғары сынып мектептерінде орташа есеппен 2-4 мигрант баласы кездеседі, ал бастауыш пен орта сынып оқушылары арасында одан да көп — 5-9 мигрант баласы кездеседі.

Оқи отырыңыз: Шымкенттегі мыңдаған мигранттың көбі құқығын қорғай алмайды

Әлемде мигранттар көп баратын елдер қатарына кіретін Ресейдегі мигранттардың басым бөлігін Орталық Азия елдерінен келген азаматтар құрайды. Саны жағынан бірінші орында Өзбекстан тұр.

Дереккөз: Азаттық