«Мәскеу аруы» жеңімпазына үйленген Малайзия королі тақтан түсті
Мұхамед V осының алдында бір рет үйленген. Алғашқы некесінен балалары жоқ
АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Малайзия королі Мұхаммед V тақтан түсті, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол мемлекет конституциясына сәйкес, өзін мемлекет басшысы қызметін атқарудан босатты. Корольдің мерзімінен бұрын тақтан түсуі — мемлекет тарихындағы алғашқы жағдай. Мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны айтылмады.
«Король басшылар конференциясына хат жолдап, бұл туралы бәріне ескертті», — делінген шенеунік таратқан хабарламады.
Бұрынғы король басшылар конференциясына, сондай-ақ, премьер мен үкіметке алғыс айтқан. Басылымның хабарлауынша, Мұхаммед V өзінің туған штаты Келантанға қайтуға мәжбүр.
2018 жылдың қараша айында Мәскеу түбіндегі Барвихада монарх «Мәскеу аруы — 2015» байқауының жеңімпазы Оксана Воеводинаға үйленді. Тойда ішімдік болмады, ал дастарханға тек халал тағамдар қойылды. Қалыңдық жұрт алдына орыс ұлтына тән, ал бұрынғы король Малайзияның ұлттық киімін киіп шықты. Сондай-ақ, бір жылға жуық уақыт корольдің қалыңдығына қонаққа барып тұрғаны белгілі болды.
Тағы оқыңыз: Астанада сексендегі қария мен елу бестегі әйел үйленді
Мұхамед V осының алдында бір рет үйленген. Бірінші әйелімен ажырасқанына он жылға жуық уақыт болды. Алғашқы некесінен балалары жоқ.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/