Маскалардың балалардың өміріне деген қауіптілігі анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Екі жасқа дейінгі балалардың маска тағуы олардың өмірлеріне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Жапонияның педиатрлар ассоциациясы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус балалар

Сарапшылардың айтуынша, сәбилердің тыныс алу жолдары тар болып келеді. Сондықтан медициналық маскалар олардың демалуына кедергі келтіруі мүмкін. Бұған қоса маскалар жаздыгүні нәрестелерді ыстықтатып, олардың жүрек жұмысына ауыртпашылық әкеледі екен. 

Мамандар балалардың көбіне отбасы мүшелерінен ауру жұқтыратынын алға тартты. 

Бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова маска тағудың маңыздылығын айтқан еді. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Жапонияда 16 581 індетке шалдығып, олардың 13 612-сі аурудан айықса, 830 науқас көз жұмған. 

stan.kz