Мәсімовтың тағы бір орынбасары ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК Төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.
Сонымен қатар, 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды.
23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.