«Мәсімовпен байланысы бар ма?»: Вице-министр сотта жауап берді
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов журналист Данияр Әділбековтің ісі бойынша сот алдында жауап берді, деп хабарлады Kznews.kz.
Әуелі судья одан Кәрім Мәсімовпен байланысы туралы сұрады.
Онымен ешқандай байланысым жоқ, — деді ол.
«ДИКАЯ ОРДАДА» ШЫҚҚАН ДҮНИЕНІҢ БӘРІ ӨТІРІК
Содан кейін бұл әңгіменің қайдан шыққанын шамалап отырғанын айтты. Ерлан Ақкенженов жақында Telegram-дағы «Дикая орда» арнасында өзі туралы бірнеше материалдардың жарияланғанын, соны көріп өзі жаға ұстағанын атап өтті. Оның айтуынша, «Дикая ордада» шыққан мәліметтің бәрі өтірік. Ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Сол каналдағы материалдар Үкімет пен басшылығына жетсе, оның қызметі мен жұмысына кері әсер етуі мүмкін.
Бұл өтірік материалдарға жауап беру керек. Оның мәселесін енді сот шешеді. Менің арым таза. Сондықтан алдағы уақытта сот менің ар-ожданымды қорғайды деп ойлаймын, — деді ол.
«КӘРІМ МӘСІМОВТІ ЕШҚАШАН КӨРГЕН ЕМЕСПІН»
Сотта прокурор жәбірленушіден ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қызметте өсуіне көмектесті ме деп сұрады.
Менің оны сұрап жатқаным, материалда сіздің Мәсімовпен байланысының жазылған. Соны анықтайын деп сұрап отырмын, — деді құзырлы органның өкілі.
Ерлан Ақкенденов бұл туралы мүлде айтқысы келмейтінін, себебі оның бәрі ойдан шығарылған өтірік екенін ескертті.
Бұл – өтірік! Мен ны теледидардан ғана көрдім. Басқа жерден көрген жоқпын. Мен былтыр маусымда осы қызметке тағайындалдым. Ал Мәсімов қателеспесем, сол кезде түрмеде отырмады ма?!, — деді вице-министр.
Сонымен бірге ол Vitol компаниясы мен оның қызметкерлері Эдвард Кучерявкин мен Дияр Мерғалиевпен байланысы болмағанын, оларды мүлде танымайтынын айтты.
МИНИСТРЛІК TELEGRAM-АРНАДАҒЫ МАТЕРИАЛДАРҒА ТЕКСЕРІСТІ БАСТАЙДЫ
Vitol компаниясы – әлемдегі үлкен трейдер. Бұл компания туралы көп естігенмін. Кучерявкинді бір рет осыдан 10 жыл бұрын көргенмін. Ал Мерғалиевті танымайды екенмін, — деді ол.
Сондай-ақ ол «Қазақстанның мұнайының бөліске түскені туралы қандай да бір ақпарат білесіз бе бе?», деген сұраққа «Егер мен осы ақпаратты білетін балсам, менің үстімнен арыз түсетін еді. Мен бір мұнайдың жеткізу графигін ғана білемін», — деп жауап берді.
Сөз соңында вице-министрі ведомство Telegram-арнада жарияланған материалдарға қатысты тексеріс жасайтынын айтты.
Журналист Данияр Әділбековтің ісі бойынша негізгі сот талқылауы 5 тамызда басталды. Онымен бірге айыпталушылар орындығында мұнай саудагері Ерлан Саудагеров те бар.
Бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен журналист Данияр Әділбеков не үшін ұсталғаны, не үшін оған «жала жапты» деген айып тағылып, кейін «жалған ақпарат таратты» деген бапқа өзгертілгені сұралды.