Мәсімовке жоғарғы арнаулы атақ берілді

Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Сонымен бірге, министр Ермекбаев та жоғарғы атаққа ие болды
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов жоғарғы арнаулы атақ алды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
«Ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнаулы атағы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілсін», — делінген құжатта.
Сонымен қатар, Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа генерал-майор атағы берілді.
sputniknews.kz