Мәсімовке рахымшылық жасала ма?

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Масімовке рақымшылық жасаудан бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.

Комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Марат Башимов бұған дейін Мәсімовке рақымшылық жасау жөніндегі өтініштен бас тартылғанын мәлімдеген. Бүгін мемлекет басшысы рақымшылық жасамау туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, Мәсімов Отанына опасыздық жасағаны үшін 18 жылға сотталған.

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары 2 бап бойынша тергеліп жатыр.