Масаншыдағы трагедия: Қайтыс болған азаматтардың толық тізімі әлі жарияланған жоқ — Қазақстан жаңалықтары

0

Қордайдағы қақтығыстан соң төрт күннен кейін өртенген ғимараттардың бірінен табылған мәйіттің кімдікі екені әлі анықталмады, деп хабралайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

Өйткені денесі қатты күйіп қалған адамды танып-білу үшін бірнеше сараптама тағайындалыпты. Масаншыдағы трагедиядан қайтыс болған азаматтардың толық тізімі де әлі жарияланған жоқ. Тұлғасы анықталмай жатқан адамның мәйітінен басқа ауруханада қайтыс болған бір азаматтың аты аталмады. Ал қазір 31 науқас ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Зардап шеккендердің ішінде мектеп мұғалімдері мен оқушылар да болған.

Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары қақтығыс кезінде жарақат алған мұғалімнің де, оқушының да жағдайы жақсы деп отыр. Айтуынша, шекара асып кеткен он мыңға жуық оқушы сабақтарына оралған. Тек, Сортөбе ауылындағы 17 мектепте әскерилердің базасы орналасқандықтан, мұндағы балалар көрші 16 мектепте оқып жатыр. Ал облыстың бас дәрігері ауруханада жатқан азаматтардың төртеуі әлі жан сақтау бөлімінде дейді.

«Алматы қаласының клиникаларында 26 науқас ем алып жатыр. 4 науқас реанимация бөлімінде, 22 науқас емдік ауруханаларда жатыр»,- деп хабарлады Марат Жұманқұлов Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

stan.kz