Home Жаңалықтар Масанчи ауылының тұрғындарының қазіргі жағдай қандай – Қазақстан жаңалықтары

Масанчи ауылының тұрғындарының қазіргі жағдай қандай – Қазақстан жаңалықтары

0
65

Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары өздерінің үйлері мен басқа да бұзылған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетіпті. Десек те жергілікті жұрт бұған өз қаражатын жұмсауға мәжбүр. Олардың сөздерінше, шығын көлемі миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қордай

Масанчи ауылына келіп-кетушілерді тексеру әлі жүргізіліп жатқан көрінеді. Ал ауыл көшелеріндегі ғимараттардан ұшқан әйнек пен топырақ үйінділері тазартылыпты. Жаппай тәртіпсіздікті еске салатын дүние – ғимараттардың қалдықтары. Тұрғындардың өмірі бірте-бірте қалыпқа келуде. Десекте уәделенген шығын әлі өтелмепті. Көптеген ауылдықтар үйлерін қалыпқа келтіруге қанша қаражат кететіндігін ашып айтпайды.

«Әрине, күтуден басқа амалымыз жоқ. Мемлекет көмектеседі деп үміттеніміз», – деді Масанчи ауылының тұрғыны.

Кейбір нысандардың иелері сауда орындарын бірте-бірте қалыпқа келтіре бастаған: есік-терезелерін ауыстырып, жаңа жабдықтар әкелініпті.

«Шамамен, келтірілген шығын көлемі 9 миллион болады. Құжаттардың барлығын өткізіп қойдық, бірақ қашанға дейін созылатыны әлі белгісіз», – деп қосты тағы бір тұрғын.

Мектептегі жағдайда түзеліпті. Оқушылардың барлығы дерлік сабаққа үзбей келіп жүр екен.

«Ата-аналарды шақыртып, олармен сөйлестік. Жағдайы қиын отбасылардың үйлерін араладық. Алғашқы 4-5 күн қиын болды», – деді Масанчидегі №13 мектеп директорының орынбасары Анар Алиханова.

Қазір ауыл тұрғындары тезірек қаражат алсақ деп отыр екен. Себебі тезірек бұрынғы өмірімізге келгіміз келеді дейді олар. Бірақ ауылда орын алған жағдайды ешкім де ұмытпайтын көрінеді.

stan.kz