Маса шағып алған әйелдің жүрегі тоқтап қалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Маса шаққаннан кейін әйелдің аяғы қатты ауырсынады, бірақ ол бұған мән бермей жүре берген

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Англияның Дагенхам қаласында маса шағып алған әйелдің жүрегі үш минутқа тоқтап қалды, деп хабарлайды Daily Mirror.

25 жастағы Ким Робинсонның айтуынша, маса шағып алғаннан кейін оң аяғының тобығы қатты ауырыпты. «Шаққан жері қышып, ертесінде ісіп кетті, — дейді ол. – Бірақ мән берген жоқпын. Антибиотик ішсем, басылып кетер деп ойладым».

Күн өткен сайын аяғы ісіп, көп ұзамай Робинсон жүре алмайтын хәлге жеткен. «Үнемі есімнен танып қалатынмын», — дейді ол. Сол кезде әйел адам дәрігерге қаралып, некротикалық фасциитке шалдыққаны анықталды. Ақ халаттылар әйелге тез арада ота жасау керек, әйтпесе аяғынан айырылуы мүмкін екенін айтыпты.

Тағы оқыңыз: Маса шаққан жігіт қорқынышты дертке шалдықты — фото

Ота кезінде науқастың өкпесіне зақым келіп, жүрегі тоқтап қалады. Дәрігерлер оны бес күнге комаға түсіруге мәжбүр болған. «Оянғанымда, комада болғанымды түсінбедім, — дейді Робинсон. – Бұрынғы жігітім қай күн екенін айтқанда, шошып кеттім».

Робинсон емделу барысында сөйлеуді, жүруді қайта үйренеді. Ол бес апта ауруханада болып, кейін аяғының терісін ауыстыру үшін басқа медициналық мекемеге жатады.

«Барлығы түкке тұрғысыз маса шаққаннан басталғаны сұмдық. Дәрігерлерге бірден қаралмағаныма өкінемін. Қазір балаларым қолдарына шыбын-шіркейге қарсы пластырь тағып жүреді», — дейді әйел.



sputniknews.kz


Тегтер:Масаәйел