«Мас судьяның» видеосы желіні шулатты. Алматы соты қызметтік тексеріс жүргізбек (видео)

0
1017

Оңтүстік астана соты әлеуметтік желіде тараған «мас судьяның» видеосына қатысты қызметтік тексеруді бастады.

Видео Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды. Жазбадан 4 адамды көруге болады. Төртеуі де әдепсіз сөздермен әрең сөйлеп отыр. Соған қарағанда мас.

«Осы адамдардың бірі — Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының қызметкері екен», — делінген жазбада.

Аталған видеоға қатысты  Алматы қалалық соты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде белсенді пікірталас тудырған видео жарияланды. Пікірлерден видеода Алмалы аудандық сотының судьясы бейнеленген деген тұжырым пайда болады. Бұл факт бойынша Алматы қалалық соты ресми тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаймын», – деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.