Мас күйінде көлік жүргізген қарағандылық бес жылға сотталуы мүмкін

0
88

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

11 қаңтардан бастап алкогольді ішімдік ішіп, көлік жүргізу жауапкершілігін күшейтетін заң күшіне енді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қарағанды тұрғыны екінші рет мас күйінде көлік жүргізгені үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 11 қаңтардан бастап бірнеше заң күшіне енді

«Сенбі, 11 қаңтарда полиция қызметкерлері Қарағанды ​​қаласының 37 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатты. Ол 2018 жылы соттың шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылып, тағы да мас күйінде рөлге отырғаны анықталды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Алмаз Саламатов.

Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«Бұл азамат өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін», – деді Саламатов.

Бұл мас күйінде көлік құралын жүргізу жауапкершілігін күшейтетін заң күшіне енгеннен кейін Қарағанды ​​облысында жасалған алғашқы құқықбұзушылық.

Полиция департаменті барлық құқық бұзушыға осындай қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.



sputniknews.kz