«Мас екен деп қалдым»: Құдайберген Бекіш ән айтамын деп күлкіге қалды

Белгілі әнші Құдайберген Бекіш билеп, ән айтамын деп жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Әнші Алматыдағы Наурыз тойына арналған концерттердің бірінде өнер көрсеткен. Ал онда Құдайберген Бекіш «Бәйтерек» тобының «Ханшайым» әнін орындағанын байқауға болады.
«Фонограмма ғой», «Қартаймайды осы кісі», «Билеме, мас екен деп ойлап қалады», «Ешкім қайталай алмайтын образ ғой, аман болсын!», «Не мынау аяғы күйген тауықтай», «Артындағы батырлардан ұят болды-ау», — деп жазды желі қолданушылары.