Мас адам әйелі екен деп 15 жастағы қызын зорлап тастады
Қысқа сілтеме алу
59 жастағы жұмысшы қателесіп қызының жатын бөлмесіне кіріп кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Гонконгта 15 жастағы қызын әйелі екен деп ойлап, зорлап тастаған ер адам сотталды.
Оқиға 2018 жылы Гонконгта болған. 59 жастағы жұмысшы үйіне мас болып келіп, қызының жатын бөлмесіне кіріп кеткен. Қателескенін түсініп, зорлық жасауын дереу тоқтатқан. Әйтсе де іс сотқа жетті, деп жазды Mirror.
Сотта қыз зорлықшыны кешіретінін мәлімдеп, әкесінің жағына шықты. Зорлық құрбаны әлеуметтік қызметкердің қылмысты полицияға жеткізу туралы шешіміне наразылық білдіріп, оны отбасымыздың ойранын шығарды деп кінәлады.
Ер адам сот алдында жауап берді. Ол зорлық жасады деп танылды. Судья істің ерекшелігін атап өтіп, жаза мерзімін бес жылдан екі жарым жылға төмендетті.
sputniknews.kz