Marvel комикстерін жасаған Стэн Ли қайтыс болды — Кино

0

Лос-Анжелесте Marvel комиксінің авторы, жазушы Стэн Ли 95 жасында қайтыс болды, — деп хабарлайды TMZ басылымы оның қызына сілтеме жасап. 

Ли Седарс-Синай медициналық орталығында қайтыс болды, оны үйінен жедел жәрдем алып кеткен. «Әкем барлық жанкүйерін жақсы көрді, ол ұлы, иманды адам еді», — дейді қызы. 

Былтыр Лидің денсаулығы сыр берген. Ол пневмонияға шалдығып, көру қабілетіне байланысты қиындықтар болған. Басылымда жазылған ақпарат бойынша, оның әйелі Джоан 2017 жылы 69 жасында қайтыс болған.