Марстың алғашқы суреті жарияланды | КТК

0
Марстың алғашқы суреті жарияланды


NASA Insight ғарыш кемесі Жерге Марстағы алғашқы фотоны жіберді.

Insight ғарыш кемесі екі микро серігімен бірге Элизия тауларына сәтті қонған болатын. Араға біраз уақыт салып мамандар Марстағы алғашқы суретті алғанын мәлімдеді. Суреттен шаң бөлшектері мен Марстың көкжиегін байқауға болады.

«Барлық құрылғылар өз орнында, әзірге ешқандай шағым жоқ. Аппарат Марсқа сәтті қонды» дейді трансляция жүргізушісі.

АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс өзінің твиттер желісіне Insight ғарыш кемесінің сәтті қонғанымен құттықтады. Сонымен бірге Майк Пенс америкалық құрылғының Марсқа 8 – рет қонғанын да атап өтті. Ол мұны керемет жетістік деп бағалады. InSight  ғарыш кемесі мамыр айында Марстың геологиялық құрылымын зерттеу үшін іске қосылған еді.

Дереккөз: Qamshy