Марста да жел соғады екен

0
08 Желтоқсан 2018, 17:19 126 0

Астана, BAQ.KZ. АҚШ ғарыш агенттігінің (NASA) мамандары Марс планетасындағы желдің дыбысы жазылған таспаны жариялады. Жақында Марстың бетіне қонған InSight аппаратындағы сейсмограф желтоқсанның 1-і күні шағын тербелісті тіркеген. Оған жылдамдығы сағатына 16-24 километрге дейін жететін Марстағы жел себеп болған.

InSight аппараты жазып алған таспадағы дыбыс Жердегі желдің соққанына ұқсайды. Ғалымдар аудиожазбаны жердегі құрылғыларда тыңдауға болатындай етіп қайта өңдеген. Ғарыш аппараты тіркеген дыбыс төмен жиілікте жазылғандықтан оның жиілігін екі октаваға көтеруге тура келген.

NASA агенттігінің InSight аппараты Марс планетасының бетіне қарашаның 26-ы күні қонған. Ол Марс қабатында болып жатқан процестерді бақылайтын болады. Ғарыш агенттігінің бас директоры Джим Брайденстайн адамзат бұған дейін Марс желінің дыбысын ешқашан естіп көрмегенін айтады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ