Марқұм Шерзат Полаттың әкесі бостандыққа шықты (видео)

0

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржаубай Нұрымовты адвокаты Асылбек Абдыраимов шығарып алған.

“Қаржаубайда бәрі жақсы. Қазір ол отбасымен бірге уақыт өткізіп, демалғысы келеді. Жақын уақытта қосымша ақпарат жариялаймыз”, – деді отбасының адвокаттары.

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы  Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін ұсталған еді. Қаржаубай Нұрымов “бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды