Марқұм Салтанат Нүкенованың адвокаты президенттің жарлығымен марапатталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған марқұм Салтанат Нүкенованың адвокаты Жанна Оразбақова «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Бұл жайлы Жанна Оразбақова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысының 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы күні «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталдым. АҚШ-та болуыма байланысты дер кезінде ала алмай, бүгін ресми түрде марапатталдым. Менің жұмысымның қоғамға, елімізге пайдасы тиетініне сенемін. Мен мұнымен тоқтап қалғым келмейді, қоғамымыздың құқықтық мемлекетте айналуы үшін барымды саламын”, – деді Оразбақова.