Марқұм иесін аурухананың алдында бір аптадан бері күтіп жатқан ит жұрттың жүрегін елжіретті
Аргентинаның Сан-Сальвадор-де-Жужуй қаласында Тото атты иттің Hospital Pablo Soria ауруханасының алдында иесін күтіп жатқанына бір апта болды. Алайда оның иесі қайтыс болған екен.
Ауруханаға түскен ер адамның өтініші бойынша туыстары оның итін ауруханаға алып келген. Ер адам өлерінің алдына итімен қоштасқысы келіпті. Артынша ол көз жұмғаннан кейін, итті ешкім алып кетпеген, деп жазады Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, Тото өзін жақсы ұстайды. Ол өзін сипағандарға қарсылық көрсетпейді. Алайда аурухананың алдынан кетпейді екен.
«Ол иесі ауруханадан шығып, өзін алып кететініне сенетін сияқты», — дейді жергілікті тұрғын.
Жануарларды қоғаушылар итті асырап алатын адамдарды іздеп жүр. Алайда олар жаңа иесінің итті мұқият бақылауы керектігін ескертеді. Себебі Тото кез келген уақытта қашып кетіп, қайтыс болған иесі жатқан ауруханаға қайтып баруы мүмкін.
stan.kz