Мария Бутина «АҚШ-қа зиян келтірмек болғанын» мойындады
АҚШ-та Ресей мүддесіне заңсыз лобби жасады деп айыпталған Мария Бутина «АҚШ-қа зиян келтіру мақсатында астыртын сөз байласу» кінәсін мойындады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Бутина тергеуге болысуға келіскен.
Бутинаға қазір тағылған айыппен бес жылға сотталуы мүмкін. Прокуратурамен келісім жасаса, бес жылдан аз жаза кесілуі ықтимал. Сот үкімі келесі жылы шығады.
Ресейдегі «Право на оружие» қоғамдық ұйымын басқарған Бутина АҚШ-та 15 шілдеде ұсталған. Ол АҚШ пен Ресей президенттері арасында бейресми кезедсулер ұйымдастырмақ болды деп айыпталып отыр.
Оқи отырыңыз: АҚШ айып таққан Мария Бутинаның ісі
АҚШ құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бутина Кремль мүддесін қорғау үшін Республикалық партиядағы негізгі демеушілерге ықпал етуге талпынған.
Дереккөз: Азаттық