Марғұлан Сейсембай Мұхтар Тайжанға 5 млн төлеуге міндеттелді

0

Сот Марғұлан Сейсембайды Мұхтар Тайжанға 5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Бұл туралы Мұхтар Тайжан парақшасында жазды.

«Марғұлан Сейсембайдың менен кешірім сұраған сәті Facebook пен Instagram желісінде жарияланады. Егер, әрине, апелляция басқаша шешпесе. Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы Жамиля Арстанова менің Марғұлан Сейсембаевқа қатысты ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, сондай-ақ мен және менің отбасым туралы шындыққа сәйкес келмейтін және менің абыройыма нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығару туралы менің талабым бойынша шешім қабылдағанын жариялады.

Марғұлан Сейсембаев Facebook пен Instagram-дағы өз парақшасында көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелді. Сонымен қатар, маған 5 миллион теңге моральдық зиян төлеуге міндеттелді. Біз 5 жұмыс күнінде шешім мәтінін аламыз, содан кейін мен оны желіде жариялаймын. Менің соңғы шешімім көңіліме қонды ма, жоқ па, оны кейін шығарамын», — деп жазды Тайжан.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Марғұлан Сейсембай саясаткер Мұхтар Тайжанды «билікте отырып, көлеңкелі жолмен ақша тауып отырсың, арың шыдаса, пайда көзін жұртқа жария ет» деп айтқан болатын. Өз кезегінде Тайжан оған жауап ретінде жазба қалдырды.

Даудың басы Марғұлан Сейсембайдың жақтастары Мұхтар Тайжанға неліктен оны қорғамайсыз деп хат жолдағаны түрткі болған. Тайжан мен ешқашан да халық ақшасын жымқырды деп айыпталған азаматты қорғай алмаймын деп қайырыпты. Бұған шыдамаған Сейсембай өзінің әріптесінің бірқатар кемшіліктерін бетіне басыпты.