Маргарита Симоньян үшінші баласын дүниеге әкелді  

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ресейлік танымал медиаменеджер Маргарита Симонян мен режиссер Тигран Кеосаянның отбасында Маро есімді қыз бала туды

НҰР-СҰЛТАН, 19 Қазан – Sputnik. Ресейдің танымал медиаменеджері Маргарита Симонян өзінің Telegram парақшасында үшінші баласын дүниге әкелгені туралы хабарлама жариялады. Қыз балаға Маро деген есім берілді.

Симонян аман-есен қол-аяғын бауырына алған. Бұл туралы журналистің өзі Telegram каналында жаңа туған нәрестенің төсегіндегі бирканың суретін жариялағаннан кейін белгілі болды.

«Қымбатты әлем! Маро Тиграновна Кеосаянға мейірімді болыңызшы. Ол мұнда енді ғана келді», – деп жазды Маргарита өз жазбасында.

Маро Маргарита Симонян мен танымал ресейлік режиссер Тигран Кеосаянның отбасындағы үшінші бала болды. 2013 жылдың тамызында Маргарита мен Тигранның Мариана есімді қызы, ал 2014 жылдың қыркүйегінде Баграт атты ұлы дүниеге келді.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз