Марат Жыланбаев үкімінің күші жойылғанға дейін аштық жарияламақ

0

Жеті жылға сотталған Марат Жыланбаев үкімнің күші жойылғанға дейін ұзақмерзімдік аштық жариялайтынын айтқан, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл жөнінде Азаттыққа адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлаған.

Адвокат бүгін, 24 қаңтарда Марат Жыланбаевпен кездескен. Адвокаттың сөзінше, Жыланбаев апеллциялық сот алқасының шешімін бүгін ғана естіген.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қалалық соты тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаев апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Марат Жыланбаевты былтыр қарашада жеті жылға соттаған еді. Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған.