Марат Тәжин Чехияға елші болып тағайындалды

0
150
Марат Тәжин
Марат Тәжин

Марат Тәжин биыл наурыз айынан бастап қыркүйекке дейін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған еді

Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», – делінген жарлықта.

Марат Тәжин туралы не білеміз?

Марат Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1981 жылы Алматыдағы халық шаруашылық институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. Ұлыбританиядағы Лондон университетінде тәжірибе алған.

Әртүрлі жылдары Қазақстан президентінің мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды.

sputniknews.kz