Марат Омаров АҚШ президенті Джо Байденнің алдында өнер көрсетпек

0
911
Әнші әрі композитор Марат Омаров АҚШ-тың президенті Джо Байден ұйымдастыратын қайырымдылық концертіне қатысып, пандемия кезінде ерекше танымалдыққа ие болған «Коронавирус, кет» әнін ағылшын тілінде орындайды, деп жазды turkystan.kz.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Филадельфия қаласында алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік туы көтеріледі. Ал Нью-Йорк, Майами, Сан-Франциско, Хьюстон және Нью-Джерси қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді. «Бұл шаралардың барлығы, соның ішінде концерт Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілмек. Біздің мақсатымыз – елдеріміз бен халықтарымыздың арасында достық пен келісімнің алтын көпірін салу», – дейді әнші Марат Омаров. Отандасымыздың «Коронавирус, кет» атты хиті былтыр ағылшын тіліне аударылған болатын. Танымал әннен кейін Марат Омаров өткен жылдың тамыз айында АҚШ-тағы қайырымдылық концертіне шақырылды. Бірақ пандемияға байланысты бұл шараны өткізу уақыты кейінге шегерілген болатын.