Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті
Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті. Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол 2022 жылдың желтоқсанында қызметінен босатылған, бірақ бұл туралы енді ғана белгілі болды.
2007-2010 жылдары Марат Бекетаев әділет вице-министрі қызметін атқарған.
2010-2015 жылдары Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.
2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қыркүйекке дейін — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2016-2022 жылдары әділет министрі болды.