Марадонаны жеке дәрігері өлтірген болуы мүмкін

0

Диего Марадонаның жеке дәрігері Леопольдо Лукаға аты аңызға айналған футболшыны өлтірді деген айып тағылды.

Аргентина билігі жақында қайтыс болған футболшы Диего Марадонаны емдеген дәрігер Леопольдо Лукеге қатысты тергеу бастады. Прокуратура оның өлімі дәрігердің салғырттығынан болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр.

Аргентинаның Todo Noticias телеарнасы дәрігерге адам өлтірді деген айып тағылғанын хабарлады, бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталмады.

Дәрігердің өзі баспасөз мәслихатын өткізді, оның барысында көзіне жас алып, Марадонаның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтты.

Аргентина прокурорлары Лукенің үйіне және жеке клиникасына рейд жүргізіп, іс бойынша дәлелдемелер жинап, дәрігердің әрекеті немқұрайлылық екенін анықтауға тырысты.