Мақтаншақ қоян ертегісі
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: «Мақтаншақ қоян» ертегісі
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: қояндардың, иттердің, қарғаның бет перделері, іздердің суреттері
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Билингвальды компонент: қоян — заяц, үй қояны — кролик, қарға — ворона
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Шуағын төгіп нұр
Сәлем күн Ана!
Жұмбақ жасыру:
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян)
Балалар: Қоян — деп жауап береді. Қоянның баласын қалай атайды?
Билингвальды компонент: қоян — заяц, көжек — зайчонок
— Қоян — сөзін жаңғырық әдісімен қайталатамын.
Тәрбиеші: Қоянның құлағы қандай? Құйрығы қандай? Жазда терісі қандай түске өзгереді? Қыста ше? Қоян не жейді? Қоянның терісінен не жасайды?
Балалар: Құлағы ұзын. Құйрығы қысқа. Жазда терісі сұр, қоңыр болады. Қыста ақ болады. Қоян сәбіз жейді, ағаш бұтақтарын кеміреді. Қоянның терісінен малақай жасайды.
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Тәрбиеші: Бүгін біз «Мақтаншақ қоян» ертегісімен танысамыз. (Мультфильм желісімен көрсете отырып, мазмұнын айтып беру.)
— Ертегі сендерге ұнады ма?
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ян — ян — ян — қорқақ қоян
Ек — ек — ек — кішкене көжек
Лақ — лақ — лақ — ұзын құлақ
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы — қырлы жерлермен,
Ытқып — ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
— Қоян қалай мақтанды?
— Қоян қайда өмір сүреді?
— Қазір бізде қай мезгіл?
— Табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қыс мезгілі. Қар жауады, күн суытады.
Тәрбиеші: Қыста қарда неше түрлі іздер жатады.
Ойын: «Қай аңдардың ізі?»
Шарты: іздер арқылы секіре отырып, қай аңның ізі екенін және жасырынған аңды табады.
Ойын: «Айырмашылығын тап»
Шарты: Үй және жабайы қоянның айырмашылықтарын табады.
Тәрбиеші: Кәне, енді «Мақтаншақ қоян» ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық. Міне, балалар қоян мақтаншақ емес, ол мықты екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Қоян мықтылығын қалай көрсетті?
Балалар: Иттерді алдап, қарғаны құтқарды.
Тәрбиеші: Осымен оқу іс — әрекетіміз аяқталды.
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/