Мақтааралға көмек ретінде жіберілген киімнің қалтасынан 3 мың доллар шықты – видео  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Видео кейіпкерлері тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына кимейтін киімдерін беріп жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде бір топ адам Мақтаарал ауданында судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде жіберілген заттардың арасынан ақша іздеп жатқаны туралы видео таралды.

Ақшасын жоғалтқан ерлі-зайыпты Мақтаарал ауданындағы мұқтаж жандарға кимейтін киімдерін салып жібергені белгілі болды. Жүк жөнелтілген кезде ғана күрткелердің бірінің қалтасында 3 мың доллардан астам қаржы сақтағандарын есіне түсірген.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық бизнесмен Мақтаарал ауданында үй салуға 6 миллион доллар бөлді 

Олар ақшаны қайтару үшін жүктің соңынан қуып жеткен. Ақша табылып, иесіне қайтарылды.

Түркістан облысындағы ауылдарды су басты

1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Салдарынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан облысының көршілес Мақтаарал ауданындағы елді мекендер су астында қалды.

Ауданда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қазақстанның оңтүстігінде 7 639 гектар егіс алқабын су басқаны хабарланды. 2 мамырдан бастап 31 606 тұрғын эвакуацияланды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тасқыннан зардап шеккен азаматтар үшін 1000-нан астам үй салынатынын мәлімдеді.

Мемлекеттік комиссия су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден төлеу туралы шешім қабылдады.

Қазақстанның басқа аймақтарының билігі, кәсіпкерлер мен меценаттар да зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіп жатыр.



sputniknews.kz