Мақтаарал ауданында екі жігіт судың ортасында қалып қойған — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақта екі жігіт судың ортасында қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мақтаарал ауданында су басқан ауылдарда қызметін атқарып жүрген полицейлерге Фирдоуси ауылындағы ферма аумағында қалып кеткен адамдар көмек сұрап хабарласқан.

«Хабар келісімен осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы, жанына еріктілерді алып, су басқан Фирдоуси ауылына қайықпен шұғыл жетті. Жан-жақты мұқият қарап шығып, қалып кеткен тұрғындарды іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде судың ортасында тұрған екі тұрғынды тапты. Тез арада қайықтың бағытын сол жаққа бұрып, екі адамның жанына келіп, оларды қайыққа отырғызып, басқа адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, жас жігіттерді қауіпсіз аймаққа шығарды», — деп хазды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, екі жігіт жылқыларын іздеуге шыққан, бірақ ауылды түгел су шайып кеткеннен кейін, кері қайта алмай қалғандары белгілі болды.

Жас жігіттер құтқарушы полицей мен еріктілерге шынайы алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

stan.kz