Мақтаарал ауданында 1300-ден астам отбасы мың доллардан өтемақы алды

0
0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бұған дейін өзбек миллиардері Әлішер Усмановтың қорынан су тасқынынан зардап шеккен 5 202 отбасыға бір мың доллардан берілетіні хабарланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен 1308 отбасы бір мың доллар өтемақы алып үлгерді.

Әлішер Усманов қорынан 5 млн 202 мың доллар 5202 отбасының (30 420 адам) есепшотына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерген. Тұрғындарға 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ә.Усманов қорынан аударылатын 1 мың АҚШ доллар өтемақыны Мақтаарал ауданындағы 2 ауыл округінде орналасқан 13 ауылдың тұрғындары алады. Атап айтқанда, Еңбекші ауыл округіндегі Мырзакент, Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлы таң, Шұғыла, Жантақсай ауылдары және Жаңажол ауыл округіндегі Нұрлы жол, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас, Арайлы Ақжол ауылдары. Тұрғындардан артық құжат талап етілмейді, мекен-жай анықтамасы не ауыл тұрғыны екенін растайтын құжат болуы қажет», – деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев.

Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады.

Бұдан бөлек, Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебаста тұратын әр отбасыға үкіметтің резервінен 100 мың теңгеден берілмек. Бұл мақсатқа 650 млн теңге бөлініп отыр. Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бұл қаражат 846 үйдің 6128 адамына төленеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз