Мақсат Толықбай: Айына 2 млн табамын. Енді 30 млн қарызым қалды
Қазақстандық тележүргізуші, журналист Мақсат Толықбай өз партиясының бағдарламасын түсіндірді. Журналист өзін билікке емес, халыққа жақынмын деп таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ақша мен абыройды сақтап қалғым келсе, тәуекелдерге бармас едім» дейді журналист.
Мақсат Толықбай «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат берді.
Тележүргізуші бүгінде «Адал» партиясының атынан дауысқа түспек. Бағдарлама халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын айтады. Партия құрамына әр саланың үздік маманы тартылған.
«26 жасында алғаш рет депутаттыққа ұсынылдым. Ол кезде маған әлі баласың ғой деп тиіскендер болды. Тіпті қиындық тудырып жатса, жол апатына түсіре салыңдар деп бұйрық бергендер болды. Мен өмір бойы тәуекелмен келе жатқан адаммын. Ринатпен бірге митингіге шыққан кезде де қамауға алынып, 3000 адамды жинағаным үшін қудаландым. Сол үшін 31 арнадан жұмыстан кеттім. Мұның бәрін біліп тұрып істедім. Егер мен жалақыдан, жұмыстан аырыламын деп қорықсам, тәуекелдерге бармас едім», — деді Мақсат Толықбай.
Тележүргізуші егер дауысқа салу дұрыс өтпесе, тағы да үнсіз қалмайтынын айтты.
«Егер осы жолы да маған дауыс бергендер көп болып, мен өтпей қалсам, мен қарап отырмаймын. Мені тағы да ұлттық арнадан бас продюсерліктен алып тастауы мүмкін. Мені мүлде қызметке жолатпай қоюы мүмкін. Бірақ мен ол үшін тығылып қалмаймын. Себебі мен неге бара жатқанымды о бастан білемін. Менің айлығым депутаттыңа айлығынан бірнеше есе көп. Сондықан мен депутаттың жалақысына қызығып отырған жоқпын. Мен жастарға күш бергім келеді. Қоғам проблемасын айтқым келеді. Сөзбен емес, іспен жасағаым келеді. Желіде жазба жариялап, бәріне сүйкімдіболып отыра беруге болады. Бірақ мен бір өзгерісті қалаймын. Отыра берсе, ешнерсе өзгермейді», — деді Толықбай.
Мақсат Толықбай өзінің ең жақсы, әрі ең жаман қасиеті — сенгіштігі екенін айтады.
«Мен адамдарға көп алдандым. Сенгішпін. Бұл жақсы да, жаман да қасиет. Мен бірнеше адамға алданып, қарызға кірген адаммын. Қазір қарыздың қалған 30 млн теңгесін өтеп жатырмын. Өзім пәтер жалдап тұрамын. Айына 2 млн теңгеден астам қаражат табамын. Біреуге үй алып беретіндей жағдайда емеспін. Күнделікті 2-3 мың теңге сұраған мұқтаждарға ақша жіберіп тұрамын», — деді Толықбай.
Тележүргізуші қандай лауазымға жетсе де көзқарасы ешқашан өзгермейтінін айтады. Егер сөзден тайсам, сол күні бетіме басып айтуға болады дейді.
«Партияның құрамында Дәулет Мұқашев, Ардақ Назаров секілді әр сала маманы бар. Дәулет баспана жайын айтса, Ардақ спорт жайын айтады. Медицина саласының үздігі бар. Оның бәрі өз саласының проблемасын айту үшін шақырылды. Осылайша ауылға ең бірінші не керек деген мәселені көтереміз. Халық ауылға ең бірінші не керек деген мәселе бойынша дауыс береді. Біз сол бойынша жұмыс істейміз. Біздің бағдарламаны биліктегілер де, президент те қолдайды деп ойлаймын. Себебі ол елдің дамуына арналған дейді», — деді Мақсат Толықбай.
Тележүргізушіге сөз соңында» жұмаққа өзіңмен бірге бір адамды алып кетуге мүмкіндік берсе, кімді алып кетер едің?» деген сұрақ қойылды.
«Сырласу үшін жұбайымды алып кететін шығармын», — деді Толықбай.