Мақпал Жүнісоваға анасы тұрмысқа шығуға тыйым салған
Халық артисі Мақпал Жүнісоваға анасы екінші рет тұрмысқа шығуға тыйым салған. Бұл сөзді қызы да құптаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бұл жайында әнші Менің өмірім бағдарламасында айтты.
Анам маған мен тірі тұрғанда күйеуге тимейсің деді. Біз де жесір қалдық. Өлген жоқпыз. Балаларды жеткізуді ойладық. Сен де қызыңды ойла,
Әншінің айтуынша, марқұм болып кеткен жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің орнын ешкім баса алмайды екен.
Зәкеңнің қайтыс болғанына 15 жыл толды. Ол маған әлі тірі секілді. Қызымды күйеуге берсем, соңынан өзім де ұзатыламын деп әзілдеймін. Бірақ қазір маған кім қарайды? Жасым 56-да. Зәкеңмен салыстырып тұрамын. Маған одан артық азамат жоқ,