Мақпал Жүнісова ел алдына шығып, жағдайды түсіндірді (видео)

0

Мақпал Жүнісова Алматы қаласында өткен концертінде қызы Мерей туралы ақиқатты айтты, деп жазады kznews.kz сайты.

«Шындықты мен айтпасам, кім айтады? Ешқандай нәрсе ұрттап айтқан жоқпын. Менің қызымды 17 жылдан кейін иеленіп, от салғысы келетіндер бар. Мерейді бауырымызға басқанымыз рас. Қай қазақ баспай жатыр? Зәкең екеуміздің екі баламыз түсіп қалды. Содан кейін ол туған бауырымның баласын сұрады, өз тегін берді. Менің анам Зәкеңе «әрі кет» деп айта алмады. Кейін қыз 18-ге келгенде шындықты айтамын деген. Бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл болды. Мерей туған бауырларын білсін деген ниетпен ақиқатты айттым. Кінәламаңыздар!» – дейді әнші.

Халық әртісі қызының алдына келіп, кешірім сұрағанын атап өтті.

«Мерей мені қайда кетеді дейсіз, бірақ әкемнің тегін өзгертпеймін деп алдыма келді»,– дейді ол.