Мақпал Исабекова: Ұлымызда алты ұлттың қаны бар

0

Әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде күйеуі мен ұлының ұлтына қатысты оқырмандарынан келіп түскен сұраққа жауап берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі. Әншіден Instagram-дағы оқырманы күйеуінің ұлтын сұраған. Мақпал Исабекова бұл сауалға тікелей жауап берген жоқ. 

«Біздің ұлымызда алты ұлттың қаны бар, оның екеуі менің тегім арқылы берілген. Ал күйеуімнің тегінде төрт ұлттың қаны бар. Бұл сондай маңызды нәрсе ме?», — деп жазды әнші. Сондай-ақ әнші күйеуінің шетелдік азамат емес екенін атап өткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мақпал Исабекова ұлын қырқыннан шығару кезінде көзіне жас алғанын жазған болатынбыз. Жас ата-ананың ұйымдастыруымен өткен отбасылық шарада олардың ет-жақындары мен жан достары бас қосқан. Жұлдызды меймандар қатарында Батыр Байназаоров пен Әсел Жамақаева, Гүлназ Жоланова, Луина, Рано Умарова және тағы да басқалары болған еді.