Мақпал Исабекова: Мамам «онда ұлтыңды айтпай-ақ қой» дегенде қарсы болдым. Несін жасырамын?

0

Әнші Мақпал Исабекова ұлтына қатысты болған кикілжіңдерді еске алды.

«Бұл Алматыдан келген алғашқы жылда болды. Мама «Алматыда ұйғырларды жақсы көрмейді екен» дедім. Яғни бұл мен үшін жаңалық болды. Мен Жаркенттенмін, сол жерде туып-өстім. Ол жерде көп ұлт өкілі тұрады, әсіресе ұйғырлар көп. Мен үшін мынау — қазақ, мынау — орыс, мынау — ұйғыр, анау — татар, мынау — дұңған деген ұғым болған емес.

Мен оқыған сыныпта онға жуық ұлт өкілінің балалары болды. Мамам «Онда айтпай-ақ қой» деді. Отырғызып алып ұйғыр екеніңді айтушы болма деген сияқты болған емес. Оған ұйғырларға қарым-қатынастың басқа екенін айттым. Сонда мамам «Онда айтпай-ақ қой» деді. Мен «Неге? Айтамын» дедім. Несін жасырамын?» — дейді Мақпал Исабекова.

Ұлтқа байланысты кемсітуді Мәскеуде жүріп сезінгенін айтты.

«Несін жасырамын? 4 жыл ішінде мұндайға бірнеше рет жолықтым. (…). Бірде группаласым «Айдарды таңдасаңшы, екеуің де қысық көзсіңдер ғой» деді. «Не дейсің? Кетші бар!» дедім. Ол мені ренжіткісі келгендіктен айтты деп ойламаймын. Ол мұның жаралайтын сөз екенін білмеген сияқты. «Білесің бе? Менің көзім сенен 10 есе үлкен. Бұл — біріншіден. Екіншіден — мен өте көп ұлтты ортада өстім. Ал сен орыс — шовиниссің» деп ұрыстым да, аудиториядан шығып кеттім», — деді әнші.