Мақпал Исабекова 38 жасында ана атанды

0
Мақпал Исабекова 38 жасында алғаш рет ана атанды. Ол ұл босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші перзентханада сәбиін емізіп отырған суретін жариялап, көпшілікке сүйінші хабарды жеткізді.

«Алланың қалауымен ата-ана атандық, ұлымыз дүниеге келді, МашАллах. Жаратушымызға сансыз мадақтар», — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, былтыр Мақпал Исабекова өзге ұлттың азаматына тұрмысқа шықты. Әнші ақ келін атанғанын жариялағанымен, жолдасының жүзін көпке дейін көрсетпеді. Айтуынша, өмірлік серігі елдің алдына шыққанды аса қаламайтын жан. Есесіне кештердің бірінде жұпты таспаға түсірген Ерке Есмахан күйеу жігітті көпшілікке көрсетіп қойды.