Маңызды келісімге қол қойды | «Айқын» газеті
Бүгін Астанада бірінші вице-премьер Асқар Мамин Genertec (China General Technology Group) құрамына кіретін СМС (China National Machinery IMP. & EXP. CORP) автомобильдерді экспорттау мен импорттау жөніндегі трансұлттық қытайлық мемлекеттік компаниясының ірі қазақстандық «СарыарқаАвтоӨндірісі» ЖШС компаниясы капиталына (51% акциясы) ие болу туралы инвестициялық келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Асқар Мамин бұл сыртқы нарыққа шығу үшін экспорттық әлеует пен саланың қарқынды дамуын арттыратын, отандық автомобиль өнеркәсібі үшін стратегиялық жоба екендігін атап кетті. Жоба – «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі.
Genertec – қытайлық мемлекеттік конгломерат, техникалық консалтингті, сондай-ақ құрылыс пен жылжымайтын мүлікті, инженерлік келісім, фармацевтика, машина жасау салаларын қамтиды. Компанияның жылдық айналымы – 31 млрд АҚШ доллар. Экспорттық инвестициялық портфелі – 180 млрд АҚШ доллары. СМС – Genertec құрамына кіретін, автомобиль саласына қызмет жеткізуші және жобаларды басқаруға қызмет көрсету жөніндегі мердігер, ірі халықаралық жобалаушы.
Бірлескен кәсіпорынды дамыту шеңберінде серіктестер саладағы өндіріс көлемін 100000 дана автомобильге және оқшаулау деңгейін 50%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Қостанай қаласында автоқұрастыру өндірісін дамыту автомобиль өндірісінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Genertec басқарма төрағасы Лу Йимин келіссөздер барысында бірлескен жоба шеңберінде жаңа технологияларды ендіріп, брендтер портфелін кеңейтіп, өндірістік оқшаулау айтарлықтай терендетілерін атап көрсетті.
Қазақстан аумағы мен ЕАЭО тұтынушыларға сапалы автомобилдік сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, құрамдас бөлшектерді жеткізіп беру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.
Бірлескен кәсіпорынға салынатын инвестицияның жалпы сомасы 1,1 млрд. $.
Қытайлық серіктеспен әрі инвестормен бірлесе 2019-2021 жылдарға арналған өндірісті дамыту стратегиясы шеңберінде JAC, ANKAI, HOWO және HANTENG брендтерімен автомобилдер шығару жоспарланып отыр.
Салтанатты рәсімге Қытайдың елшісі Чжан Сяо, Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Бәйтерек холдингінің басқарма төрағасы Айдар Арифханов, Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Bank of China International президенті Сун Цзиньшань қатысты.
«Айқын» ақпарат
Дереккөз: Айқын