Маңғыстауға келін болған тайландық келін ұл туды
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_7495-905x613.png)
Таиландтан келін түсірген маңғыстаулықтар немерелі болды.
“Таиландық келін ұл сыйлады. Немеремнің иісіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Ақ жаулықты әжелердің қатарына қосылдым. Жарық дүниеге қош келдің, Аланым. Әрбір шақырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын”, – деп жазба жариялады Гүлсім.
Желі қолданушылар әулетті қуанышымен құттықтап, нәрестеге ақ тілектерін жаудырып жатыр.