Маңғыстаудан жүз мың халықты Шығысқа көшіріп, «Адай ауыл» құрайық – Қоғам белсендісі

0
13057

Батыстан ба, оңтүстіктен бе, сол жақта туған бір жігіттің Өскеменде алғаш рет болып, табиғатына тамсанып отырған видеосын көріп қалдым.

Далада, көк шөптің арасында өсіп тұрған қой бүлдіргенді (шығыста солай дейді) теріп алып, рахаттанып, дәмін алып жеп отыр. Алма сияқты жеміс ағаштары өспегенімен, бұл жақта бүлдірген, итмұрын, долана, қарақат, қойжуа дегендерден аяқ алып жүре алмайсың.

Шығыстың жері мал бағуға да өте қолайлы. Жайылым мен шабындық көп. Маңғыстауда миллионға жуық адам тұрады екен. Адайлардың жүз мыңдайын шығыс жаққа көшіріп, «Адай ауыл» дейтін жеке бір ауыл қалыптастыру керек сияқты.

Алтай мен Тарбағатай – адайлардың да ата қонысы. Адайлар кезінде сонау Маңғыстауға осы жақтан барған. Маңғыстаудағы жағдайды көріп отырмыз. Бір жерде иін тіресіп тұра бермей, қазақтың кең жерін таңдап алып, қалаған жерінде тұратын уақыт болды ғой.

Тіпті болмаса Ақсуатқа келіңіздерші. Басшыларымыз осындай үлкен көшке, ұлы көшке қол ұшын беріп, бір жағынан шығысып жіберер!

Жолымбет Мәкіш, журналист