Маңғыстауда жол апатынан 11 адам зардап шекті

0

Екі ер адам апаттан қаза тапқан.

Шетпе-Жетібай бағытында жолдағы көлік апатынан 11 адам зардап шекті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 наурызда кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысып қалған. Жол апатынан зардап шеккендер Жетібай ауылдық ауруxанасына жеткізілді.

2 ер адам апаттан қаза тапқан. Ал, тағы бір жігіт қазір ауыр xалде жансақтау бөлімінде жатыр.

Оның миы шайқалып, басына зақым келген. Тағы 3 әйел әр түрліжарақатпен облыстық ауруxанаға жеткізілді.

Зардап шеккендер арасында туғанына 19 күн болған сәби де бар. Бала қазір дәрігерлердің бақылауына алынды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz