Маңғыстауда жоғалып кеткен жасөспірім табылмай жатыр

0
Маңғыстауда жоғалып кеткен жасөспірім табылмай жатыр


20 қараша күні жоғалып кеткен Эльдар Сеит 6 күн болды табылмай жатыр.

Гүлнар Тарапбекова 14 жастағы ұлының сол күні қара жейде, көк трико және қара аяқ киім киіп кеткенін айтады. Жоғалған баланың анасы Гүлнар Трапбекованың айтуынша, сол күні ол ата-аналар жиналысына кеткен екен. Ұлы аулаға серуендеуге шыққан. Артынша үйіне қайтып оралмаған, деп жазады Lada.kz.

Бірақ Эльдарды таныстары 25 қараша күні Жаңаөзенде досымен дәмхандан көрген. Дәмхананың иесіне балалар өздерінің жетімдер үйінен қашып кеткендерін айтқан. Балаларға жаны ашыған дәмхана иесі Эльдарға жылы аяқ киімін беріп, қайтадан жетімдер үйіне апарып салуды ұсынған. Бірақ балалар қашып кетіпті.

Анасы соңғы кездері ұлының жаман әдеттерге әуестенуіне баласының досын кінәлайды. Қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефон нөміріне хабарласса болады: 8-778-632-50-46.