Маңғыстауда жел электр станциясының бірінші бөлігі аяқталды — Ел жаңалықтары
Бүгін Маңғыстауда Индустриаландыру күніне орай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпы ұлттық телекөпір аясында «43,6 МВт жел электр станциясын» пайдалануға берудің бірінші кезеңі іске қосылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме дасап.
Жел қондырғысы Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласының территориясында орналасқан. Жаңа станцияның құрылыс жұмыстары 2018 жылдың жазында басталған, жоба бойынша 24 заманауи жел диірмендері орнатылады.
Қазіргі таңда бірінші кезеңдегі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 12 заманауи жел диірменін орнатумен аяқталды. Содан кейін жабдықтарды кешенді тестілеу бойынша іске қосу жұмыстары басталмақ.
Жобаның құны — 8 миллиард теңге. Жобаның іске асырылуындағы құрылыс жүргізу сатысында 60-тан астам жұмыс орнын және жұмыс кезеңінде алты жұмысшы еңбек ететін болады.
Жел электр станциясының құрылысы «жасыл экономикаға» көшу, экологиялық таза инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ бұл жоба өңірдің электр энергиясына қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Бұл жоба Маңғыстау облысы бойынша, соңғы 20 жылдағы энергия таратудың жаңартылған жаңа жобалардың бірі саналады. Станцияны толық іске қосу 2019 жылдың жаз айына жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында жалпы қуаты 90,6 МВт құрайтын 3 жел электр станциясының құрылсы жүргізілуде.
1) «Бест Групп» ЖШС «5 МВт жел электр станциясының құрылысы» ЖШС (Түпқараған ауданы)
2) «СП» КТ ЖШС «Сирек-металл компаниясы» қуаты 43,6 МВт жел электр станциясын салу және пайдалану» (Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко)
3) «South Wind Power» ЖШС «42 МВт жел электр станциясын салу» (Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко)
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz