Маңғыстауда жаңа жылдан бастап коммуналдық қызметтер арзандайды

0

Облыс әкімдігінің аппараттық жиынында коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін төмендету мәселелері туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Сәлімов баяндады. «2019 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар үшін, атап айтқанда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» электр станциясы үшін газ тарифі қосымша 10 пайызға төмендейді. Электр энергиясын өндіру — ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның газ тарифін 10% -ға төмендетуіне байланысты, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің электр энергиясының тарифі 19%-ға арзандап, облыстағы 671,3 мың тұрғынын қамтиды», — дейді Ж.Сәлімов.

«МЭБК» ЖШС тұрғындар ұшін берілетін электр энергиясының тарифі 50% және өңірлік МКК үшін 13%-ға төмендемек. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының тарифі 18%-ға төмендегеннің арқасында «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС-нің өндіретін ауыз судың тарифі 7,0%-ға төмендейді, яғни 150 мың адамды қамтитын болады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу энергиясын жеткізу бойынша — 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясына тариф 3% -ға, ыстық сумен жабдықтау ыстық суға тариф 5,3%-ға төмендейді деп күтілуде.

«Қамшы» сілтейді