Маңғыстауда тариф мәселесі талқыланды
Қазіргі уақытта ҚР Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерінде тауарлық газ тарифі 10% — ға төмендейді деп күтілуде. Бұл жағдайда «МАЭК» ЖШС электр энергиясын өндіруге тарифтің 11% — ға төмендеуі болады, ол облыстың 671,3 мың тұрғынын қамтиды. «МРЭК» АҚ тарифтік сметасын оңтайландыру есебінен 326,3 мың тұрғынды қамти отырып, халыққа электр энергиясын беруді 50% — ға төмендету жоспарлануда. Халық үшін электр энергиясына орташа тарифі 14,7% құрайтын болады.
-Сондай-ақ, « Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС ауыз су өндіру бойынша 150,0 мың адамды қамти отырып, тариф бағасы 7% — ға төмендейді деп күтілуде. Маңғыстау ауданының 7,2 мың тұрғынын қамти отырып, «КазВодХоз» РМК тарифінің халық үшін 5% — ға төмендеуі күтілуде. «КЖСА» МКК тарифтік сметасын оңтайландыру есебінен жылу энергиясына тариф 3% — ға төмендейді, ол 200,0 мың адамды қамтиды. «КЖСА» МКК ыстық су беру бойынша тариф 5,3% — ға төмендеп, 200,0 мың адамды қамтиды. «ӨзенЖылу» МКК жылу энергиясы бойынша тарифі 0,89% — ға төмендеп, 150,0 мың адамды қамтиды, деді Бақыт Бекмұратов.
Бүгінгі күні Маңғыстау облысы бойынша ТМРжБҚК уәкілетті органымен инвестициялық және операциялық шығындарды қайта қарауды жүзеге асыру және барлық табиғи монополиялар субъектілерін тыңдау жұмыстары жүргізілуде.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы